Konaev2

АТУ 1-3 курс студенттерімен Д.А.Қонаев мұражайына экскурсия жасады

2023 жылдың 7 сәуір күні Алматы технологиялық университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы және психологиялық қолдау қызметі бірігіп 1-3 курс студенттерімен Д.А.Қонаев мұражайына экскурсия жасады.

Д.А.Қонаев мұражайы Қазақстанның дамуына үлкен үлесін қосқан, Қазақ КСР КП Компартиясына 20 жылдан астам басшылық жасаған аса құрметті мемлекеттік және қоғамдық – саяси қайраткері, дипломат, академик Дінмұхамед Қонаевты мәңгі есте қалдыру мақсатында 2002 жылы қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысымен ашылған.

Студенттер мұражайда Д.А.Қонаевтың өмірбаянымен,мемлекетті дамытып-өркендетудегі рөлі және еңбегімен танысты. Сонымен қатар студенттер Д.А.Қонаевтың марапаттарымен де танысты.

Konaev3
Konaev4
Konaev5
Konaev6