News photo 40822

АТУ-да «Аралдың жаңғыруы» студенттік фестивалі өтеді

Құрметті достар! 13 сәуірде сағат 15:00-де АТУ-да «Аралдың жаңғыруы» студенттік фестивалі өтеді.

Фестивальдің мақсаты – экожүйелер мен қоғамның тұрақты дамуы үшін су ресурстарын сақтаудың маңыздылығы туралы ақпараттарды арттыру. Фестиваль аясында «Инновациялық жоба», «Үздік бейне-өлең», «Театр қойылымы» және викторина номинациялары бойынша байқау өткізіледі.

Іс-шараны ұйымдастырушы «Химия, химиялық технология және экология» кафедрасы.

Күні: 13 сәуір 2023
Уақыты: 15: 00
Өтетін орны: Райымбек көшесі, 348/4, №2 оқу корпусы, Акт залы

Іс-шараның тікелей эфирін мына сілтеме арқылы көруге болады: https://youtube.com/live/Mj5fxZjaBJE?feature=share

Біз Сіздерді Күтеміз!!!