АТУ-да оқытушылар дөңгелек үстел өткізді!
2023 жылғы 4 сәуірде «Қазақстан халқы Ассамблеясы» және «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедралары оқытушылары бірігіп,«Жаңа Қазақстан құқықтық мәдениеттің негізі» атты дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелді модератор Қодар Замза Мүтәшқызы – АТУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының жетекшісі,философия ғылымдарының докторы ашып берді.
Содан соң «Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер» кафедрасының педагогика ғылымдарының магистрі,лектор Батхолдин Қалтай Сейітқажыұлы «Қасіретті қаңтардан – әділетті Қазақстанға» тақырыбында баяндама жасады.Қаңтар оқиғасы қоғамдық құндылықтарды өзгертіп,санамызға түбегейлі төңкеріс жасағандығын,қоғамдық-саяси, әлеуметтік кеңістігімізде көптеген мәселені қайта қарауға түрткі болғандығын айта өтті.Сонымен қатар конституциялық реформаның тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктері туралы да айтылды.
«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының т.ғ.к., сениор-лектор Досекеева Гүлмира Алденбаевна «Құқықтық мемлекет» атты баяндама жасады.Баяндамада Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданғанын атап өтті. Бұл күн елдегі заңгерлер, сот, адвокаттардың кәсіби мерекесі екенін көрсетті. Конституцияның 1-бабында Қазақстан Республикасы демократиялы, құқықтық, зайырлы, әлеуметтік мемлекет. Демократиялы мемлекетке, зайырлы, әлеуметтік мемлекет ұғымдарына сипаттама бере отырып, құқықтық мемлекетке тоқталды.
Құқықтық мемлекет дәрежесіне қарамастан азаматтардың құқықтарының қамтамасыз етілуі. Бұл Конституцияда көрсетілген, ал іс жүзінде адам мен азаматтардың құқықтары қаншалықты қорғалған, шынайы өмірден біз не көріп отырмыз деген мәселелер туындайды. Сондықтан құқықтық мемлекет орнатуды жүзеге асыру үшін біз әрқайсымыз атсалысуымыз керек деген пікір айтылды.Сөз иесі Қаңтар оқиғасы қоғамға өзгерістер қажет екенін көрсетті, сондықтан бұл өзгерістерді біз әрқайсымыз өзімізден бастауымыз қажет деген ой түйіндеді.
Талқылау барысында оқытушылар дөңгелек үстел тақырыбын қорытындылап, студенттерге де осы тақырып аясында дөңгелек үстел өткізілсе деген ұсыныс айтылды.


