Эссе отчет 04.04 001

АТУ-да «Менің мамандығым – менің саналы таңдауым»тақырыбында эссе байқауы өткізілді

Алматы технологиялық университетінде «Мемлекеттік және шетел тілдер» және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедралары бірлесіп 30-31 наурыз күні «Менің мамандығым – менің саналы таңдауым» тақырыбында 1-3 курс студенттері арасында эссе байқауын өткізді.

Студенттердің зерттеушілік, шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту және шығармашыл жастардың білімін көтеру, белсенділігін арттыру мақсатында «Менің мамандығым – менің саналы таңдауым» тақырыбына жазылған эссе конкурсында төмендегі 1-ші курстың білім алушылары:

  • 1-ші дәрежелі дипломмен ТИКИЛП 22-11 тобының студенті Зейнолла Алина марапатталды.
  • 2-ші дәрежелі дипломмен ИС 22-11 тобының студенті Алтынбек Данияр марапатталды.
  • 3-ші дәрежелі дипломмен ИС 22-2 тобының студенті Джанкулов Тимур марапатталды.

Аталған студенттердің эсселері тақырыптың толық ашылуымен, жазу стилімен, жеткізу тілінің мәнерлілігімен, дәлдігімен әрі түсініктілігімен, қатысушылардың эссені жазудағы деректерді пайдалану шеберлігімен және өз бетінше жазғанымен ерекшеленді.