X Халықаралық жас дизайнерлер мен модельерлер байқауы «Жас-Өркен 2023»
Алматы технологиялық университеті Алматы қаласы мен Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігінің, ҚР Дизайнерлер одағының қолдауымен 2023 жылғы 19 мамырда «Жас-Өркен 2023» X Халықаралық жас дизайнерлер мен модельерлер байқауын өткізеді.
Байқаудың мақсаты – студент жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, дизайнерлердің кәсіби ортасын қалыптастыру, әлемдік сән индустриясының халықаралық ынтымақтастық аймағын құру.
«Жас Өркен 2023» халықаралық байқауына қатысушылардың коллекцияларын ұсынатын модельдер кастингі жарияланады!
Талаптар: биіктігі 170, минималды макияж, қара түсті қыналған киім және биік өкше.
Сән көрсетілімінің кастингіне кез-келген адам қатыса алады! Сіздің арманыңызды жүзеге асыруға барлық мүмкіндігіңіз бар!
Кастинг: 13-14 сәуір сағат 15:00-де.
Өтетін орны: ГУК, 2 қабат, Кіші Акт залы!