Изображение whatsapp 2023 03 30 в 16.16.01

Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алуға арналған Стипендиялық бағдарлама

Құрметті үміткерлер, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғаларын бакалавриат, магистратура мен PhD білім беру бағдарламалары бойынша жоғары оқу орындарында білім алуға шақырады.

Грант саны:

👩‍🎓 Бакалавриат – 490
👨‍🎓 Магистратура – 50
👩‍🎓 PhD докторантура – 10

Стипендиялық бағдарламаға кім өтініш бере алады:

✨ Шетел азаматтары
✨ Шетел азаматтары – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар

Стипендия қамтиды:

📎 тегін білім беру
📎 ай сайынғы стипендия

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

⏳ 2023 жылғы 30 наурыздан 30 маусымға дейін

Стипендиялық бағдарламаның операторы – ҚР ҒЖБМ Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы
Стипендиялық бағдарламаға қалай өтініш беруге болады:
Онлайн Жоғары білімді дамытудың ұлттық орталығының https://enic-kazakhstan.edu.kz/stipendialnye-programmy/operativnaya-informaciya веб-порталы (веб-сайты) арқылы.

Өтініш беруші қандай құжаттарды ұсынады?
Құжаттар тізімін мына жерден табуға болады https://enic-kazakhstan.edu.kz/stipendialnye-programmy/operativnaya-informaciya

Құжаттарды қабылдау тәртібі қандай

  • құжаттарды Оператордың https://enic-kazakhstan.edu.kz/stipendialnye-programmy/operativnaya-informaciya сайты арқылы тапсыру;
  • Оператордың құжаттарды тексеруі. Құжаттар барлық талаптарға сай болған жағдайда, өтініш беруші көрсеткен поштаға онлайн тестілеуге сілтеме жіберіледі;
  • бейімделу потенциалын анықтау үшін онлайн тестілеу. Онлайн тестілеуден сәтті өткендер онлайн сұхбатқа шақыру хатын алады;
  • Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Оператордың және жоғары оқу орындарының өкілдерімен онлайн сұхбат;
  • ағымдағы жылдың 28 тамызына дейін Стипендиялық бағдарламасы бойынша конкурстың нәтижелерін жариялау.

Виза мәселелері бойынша ақпаратты мына жерден алуға болады: https://enic-kazakhstan.edu.kz/ru

Барлық сұрақтар бойынша:
Тел.: +7 (7172) 28 75 26, 28 75 31
E-mail: admission@n-k.kz