АТУ-да жыл сайынғы «Үздік студент» байқауының финалы өтті!
Жеңімпаздар «Endowment ATU» Корпоративтік Қорының стипендиаттары атанды.
«Endowment ATU» корпоративтік қоры жыл сайынғы «Жылдың үздік студенті» байқауын ұйымдастырды. Конкурстың негізгі мақсаты-іскерлік белсенділікті дамыту, Студент жастардың білім деңгейін және әлеуметтік-жеке құзыреттерін арттыру.
Байқау қорытындысы бойынша 5 студент үздік деп танылып, 1 семестрге стипендиялық грантпен марапатталды.
Біздің жеңімпаздар: ТТФ, 4 курс студенті – Сұлтанқұл М. ИжАТФ, 3 курс студенті – Таиров С.С. ДТКжТ, 2 курс студенті – Оспан А.А. ДТКжТ, 4 курс студенті – Әмірәлі М. 5.ЭжБФ, 3 курс студенті – Құрманғали Д.Қ.