Dsc02291

АТУ-да «Бизнестегі мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбында қонақ дәрісі өтті

АТУ-да Алматы қаласы Кәсіпкерлер Палатасы Алмалы ауданы филиалының директоры Мадиев Темірлан Халелұлының «Бизнестегі мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.

Темірлан студенттерімізбен бизнесті бастау және оны ілгерілету мүмкіндігі туралы пайдалы ақпараттармен бөлісті, сондай-ақ кәсіпкерлік бастаманы іске асырудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Біздің қонағымыз балалардың барлық сұрақтарына жауап беріп, біздің студенттер әрқашан өздерін қызықтыратын барлық мәселелер мен кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен кеңесе алатынын хабарлады.

Іс-шара АТУ Қамқоршылар кеңесінің төрағасы мен АТУ Мансап орталығының көмегімен ұйымдастырылды.

Dsc02296
Dsc02286