Photo 2023 03 28 11 34 01

АТУ ТТФ студенттері «Эфес Казахстан» ЖК АФ зауытына барды

«Ашыту өндірісі және шарап жасау» бағыты бойынша оқитын АТУ тағам технологиялары факультетінің студенттері дуальды оқыту шеңберінде «Эфес Қазақстан» ЖК АФ зауытына барды.

«Эфес Қазақстан» ЖК АФ АТУ-дың стратегиялық серіктестерінің бірі болып табылады және біздің студенттермен өз зауыттарында 5-ші рет кездесу өткізуде. Біздің университеттің «Эфес Казахстан» – пен ынтымақтастығының арқасында біздің студенттер оқу процесінде алған теориялық білімдерін практикада бекітуге, өндірістің бүкіл процесін өз көздерімен көруге, сондай-ақ саланың озық кәсіпорнының жоғары білікті қызметкерлерінен тәжірибелік кеңестер алуға бірегей мүмкіндікке ие.

6В07202 қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы
АТУ-ға келіңіз!!! Ең үздік білімді таңдаңыз!!!
АТУ коды 053
Толығырақ: +7 707 221 88 08, +7 (727) 221 88 08