Халықаралық қонақжайлылық индустриясы байқауына АТУ студенттері қатысты
АТУ серіктесі – HTMi туризм және қонақ үй менеджменті институты (Швейцария) ұйымдастырған Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен халықаралық қонақжайлылық индустриясы байқауына АТУ студенттері белсене қатысты.
Байқауға Малайзия, БАӘ, Швейцария, Сауд Арабиясы және басқа да көптеген елдерден 60-тан астам студент қатысты. Конкурсқа 5 санат ұсынылды: бариста дағдылары, аспаздық, коктейльдер, торттар мен десерттерді безендіру және дастархан жаю шеберлігі.
Біздің студенттер Жұмабекова Ясмин, Қазбек Нұркелді және Күнекбаева Әлияамира үш санатқа қатысты: аспаздық, десерттер мен торттарды безендіру және қонақтарға қызмет көрсету шеберлігі.
Конкурстың әр санатында 12-15 студент бақ сынады, құзыретті қазылар алқасының талаптары да өте жоғары болды. Байқауға қатысушылардың әрқайсысы өз шеберліктерін барынша көрсетуге тырысты, сондықтан жеңіске талас өте тартысты өтті.
Байқау қорытындысы бойынша біздің КШИТ МжМБ студенттері, Жұмабекова Ясмин, Қазбек Нұркелді және Күнекбаева Әлияамира жоғары нәтижелер көрсетіп, өз санаттарында үздік 10-дыққа кірді!
Біздің балалар бірегей кәсіби тәжірибе мен халықаралық байқау атмосферасынан ең жарқын әсер алғаны сөзсіз! Құттықтаймыз!!! Жаңа конкурстарға қатысып, одан әрі табысты болуларыңызды тілейміз! Сіздерді Мақтан Тұтамыз, Сіздер Ең ҮЗДІКСІЗДЕР!!!








