АТУ ASIIN халықаралық агенттігінің институционалдық аккредитациясынан өтті!
Құттықтаймыз!!! Алматы технологиялық университеті ASIIN халықаралық агенттігінің институционалдық аккредитациясынан сәтті өтті!
2023 жылдың қаңтарында ASIIN сарапшылар тобы сыртқы аудит мақсатында АТУ-ға келген болатын. Сарапшылар университеттің қызметімен мұқият танысып, ғылыми-практикалық базаны тексерді.
ASIIN институционалдық аккредиттеу белгісі университеттің оқытудың жоғары деңгейі мен табысты оқуы үшін институционалдық, процедуралық және мәдени негіздемелік шарттардың орындалуын қамтамасыз ететінін растайды.
Біз АТУ-ды жаңа жоғары жетістігімен құттықтаймыз!!!