Карашаш депутат

Құттықтаймыз! АТУ түлегі Қарашаш Джузеева Алматы қ. мәслихатының депутаты болды!

Алматы технологиялық университетінің түлегі Қарашаш Джузеева @karashash_juzeyeva Медеу ауданы №16 сайлау округі бойынша Алматы қаласы мәслихатының депутаты болды!

Қарашаш Джузеева АТУ-ды үздік аяқтаған және бірнеше жылдар бойы табысты жобаларды жүзеге асырып келе жатқан кәсіпкер, танымал бизнес-жаттықтырушы, коуч, танымал «VINTAGE» журналының негізін қалаушысы. Сенімді жеңіспен құттықтаймыз және жаңа жауапты лауазымда зор табыстар мен жетістіктер тілейміз!