АТУ-да 1-3 курс студенттері арасында эссе байқауы өтеді!
Байқауға қатысып үлгер!!! Эссеңізді 2023 жылдың 29 наурызына дейін мына электрондық поштаға жіберіңіз: z.auhadieva@atu.kz!
Эссе тақырыбы: «Менің мамандығым – менің саналы таңдауым».
Байқау қорытындысы 2023 жылдың 30-31 наурызында шығарылады.
Іс-шараны АТУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» және «Мемлекеттік және шет тілдері» кафедралары ұйымдастыруда.
Эссе байқауын өткізу тәртібі
1. Эссе байқауына университетіміздің 1-3 курс студенттері қатыса алады;
2. Эссе 2023 жылдың 29 наурызына дейін «Эссе байқауы» деген белгімен төмендегі электрондық почтаға жіберіледі: z.auhadieva@atu.kz
3. Эссе қазақ немесе орыс тілдерінде жазылуы керек.
Эссеге қойылатын талаптар:
1. Байқауға ұсынылған эсселер мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын мынандай талаптарға сәйкес болуы тиіс:
- байқау тақырыбына сай болу;
- авторлың жеке ұстанымын,өзіндік идеяларын көрсету;
- автордың өз пікірін негіздеу қабілетін көрсету.
2. Эссе жазуда қойылатын талаптар:
- Жұмыс Word форматы,1,0 интервал, Times New Roman шрифті,14 кегель болуы керек.Жұмыс көлемі 3 парақтан аспауы керек.
3. Эссенің титулдық бетін рәсімдеуге қойылатын талаптар:
- білім беру мекемесінің толық атауы;
- тақырып;
- автор туралы мәліметтер:Тегі,Аты,Әкесінің аты,курсы,тобы,байланыс телефонының нөмірі,электрондық почта;
4. Мақаладағы не эсседегі тақырыптың толық ашылуы, жазу стилі, жеткізу тілінің мәнерлілігі, материалдың жанрлық ерекшелігі, дәлдігі әрі түсініктілігі, қатысушылардың эссені жазудағы деректерді пайдалану шеберлігі және сауаттылығын көрсету.
Конкурс қорытындысын шығару
1. Жеңімпаздарды қазылар алқасы сараптай отырып таңдайды;
2. Іріктеу кезеңінде мақаладағы стилистикалық сауаттылық, интеллектуалдық деңгей, байқау талабынан ауытқымау ескеріледі;
3. Жеңімпаздар 1,2,3 дәрежелі дипломдармен марапатталады.