21e10b57 a9cf 44c9 a18a 10f2d32b367f

«Алғыс айту – мәртебелі іс» атты онлайн дәрісі өтті

2023 жылы 1 наурыз күні Алматы технологиялық университетінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы» және «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедраларының ұйымдастыруымен «Алғыс айту – мәртебелі іс» атты онлайн дәрісі өтті.

Дәрісті модератор Қодар Замза Мұташқызы – АТУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының жетекшісі, философия ғылымдарының докторы ашып, студенттерді алғыс айту күнімен құттықтап, бұл мерекенің қысылтаяң шақта бар ауыртпашылықты бірге көтеріп, мемлекет басшысының жетекшілігімен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен ел азаматтарының бір-біріне құрмет көрсету күні екендігі және алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі екендігін айта өтті.

Содан соң «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы,философия ғылымдарының кандидаты Бияздықова Кенжегүл Әлімбекқызы студенттерге алғыс айту күнінің тарихымен бөлісіп,алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің,бірлік пен достықтың жарқын мерекесі екенін атап өтті.

Онлайн дәріс кезінде студенттерге алғыс айту күнінің мақсаты мен маңыздылығы айтылды.

02a24ba5 a92e 4d64 8402 7b53e683f8c9