АТУ-да Орманбекова Айнұр Әлібекқызының қонақ дәрісі өтті
АТУ Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультетінің «Автоматтандыру және робототехника» кафедрасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасының аға оқытушысы, Болашақ бағдарламасының түлегі Орманбекова Айнұр Әлібекқызының «Шетелде оқу және Болашақ бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өту» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
Іс-шараға факультет студенттері мен университеттің жас ғалымдары қатысты. Айнұр Әлібекқызы «Lublin University of Technology» университетінде (Люблин қ., Польша) «Болашақ» шетелде оқу бағдарламасы бойынша өзінің «500 – ғалым» тағылымдамасы және студенттер мен жас ғалымдар үшін шетелдік тағылымдамалар мен практикалардың артықшылықтары туралы айтып берді.
Біздің студенттер мен жас ғалымдар Айнұр Әлібекқызына өздерін қызықтырған барлық сұрақтарын қойып, оларға толық жауап ала алды.