Профессор Бердан Әбдәзімұлы Рскелдиевті 70 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!
Техника ғылымдарының докторы, профессор Бердан Әбдәзімұлы Рскелдиевті 70 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!
Бердан Әбдәзімұлы Алматы технологиялық университетінде 1996 жылдан бастап жұмыс істейді, оның ішінде оқу ісі жөніндегі проректор (2013-2016 жж.), ғылым және инновациялар жөніндегі проректор (2016-2021 жж.) лауазымдарында атқарды. Қазіргі уақытта «Тағам өнімдері технологиясы» кафедрасының профессоры.
АТУ-дағы жұмыс уақыты профессор Б.А.Рскелдиевтің ғылыми қызметіндегі ең жемісті кезеңдердің бірі болды. Дәл осы жылдары Ресей Федерациясының ғылыми қоғамымен – Л.А. Остроумов, Л.С. Кудряшов, В.В. Хорольский, Ф.А. Мадагаев, В. Б. Боресков, Н. Н. Липатов, Е.И. Титов сынды профессорлармен тығыз қарым – қатынас орнады және негізгі ғылыми еңбектері әртүрлі деңгейдегі журналдарда жарияланды.
Ұзақ жылдар бойы мемелекеттік бюджет және келісім-шарт бойынша орындалған ғылыми-зетрттеу жұмыстарына белсене қатысып келеді. Жетекші және жауапты орындаушы ретінде өндіріске енгізілген бірнеше жаңа технологиялардың авторы. Ғылыми зерттеулердің нәтижесінде ол 340-тан астам ғылыми еңбектер жариялады, олардың ішінде 5 монография, 7 шолу ақпараты, 3 оқулық, 9 оқу құралы және 15 инновациялық патенттер мен авторлық куәліктері бар. Соңғы жылдары олардың қатары хылықаралық индексі жоғары Скопус базасына кіретін ғылыми журналдардағы мақалалармен толықтырылуда. Өз оқушыларымен және әріптестерімен бірлесіп, ол өндіріске 15-тен астам жаңа технологияларды енгізді, олар бірнеше рет түрлі көрмелер мен конкурстарға қойылды.
2009 жылы Бердан Әбдәзімұлы «Агроөнеркәсіптік кешен бойынша ғылыми мақаланың үздік авторы» республикалық байқауының дипломанты атанды. Техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Я.М. Узаковпен бірлесіп әзірленген технологиялар «Биотехнология әлемі-2009» (Мәскеу қ.) 7-ші Халықаралық көрмесінде, Ресей Федерациясының «Алтын күз» агроөнеркәсіптік кешенінің көрмелерінде (Мәскеу қ.) үздік өнімі үшін алтын медальмен марапатталды, 2009, 2010, 2011, 2015, 2017 жж.).
Б.А. Рскелдиевтің жетекшілігімен 3 докторлық және 7 кандидаттық диссертация қорғалды.
Б.А. Рскелдиев «АТУ хабаршысы», «Семей МУ Хабаршысы» және Кемерово тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының «Техника и технология пищевых производств» ғылыми журналдарының редколлегия мүшесі. «Кохран» бағдарламасы (гранты) бойынша АҚШ-тағы Небраска университетінде (2002 ж.), Сингапур жоғары оқу орындарында «ҚР университеттерінің басшылырының квалификациясын жетілдіру курсы» (2010 ж.), Стамбул қаласындағы «Айдын» университетінде (2018 ж.) және Москва қаласындағы В.М. Горбатов атындағы ет өнеркәсібі саласының ғылыми-зерттеу институтында (2019 ж.) өз ғылыми саласы бойынша тәжірибелерден өткен. 1995 жылдан ҚР ҰЖҒА корреспондент-мүшесі.
ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдық мерейтойына байланысты «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен (2011 ж.), Семей қаласы Шәкәрім атындағы университеттің «Университетке сіңірген ерекше еңбегі үшін» (05.03.2013 ж.) Шәкәрім медалімен, сол университеттің «Білім қамқоршысы» (20.08.2013 ж.) төс белгісімен, «Кедендік одақ елдерінің құрметті азаматы» төс белгісімен (2015 ж.), Алматы технологиялық университетінің 60-жылдық мерейтойына байланысты «Құрмет белгісі» медалімен (2017 ж.), Шардара ауданына 55 жыл толуына байланысты «Шардара ауданының әлеументтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін» төс белгісімен (2022 ж.) марапатталған. ҚР БжҒМ «Білім саласының құрметті қызметкері» (2013 ж.), Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласының «Үздік ғылым қызметкері» (2022 ж.) медальдарының және ҚР БжҒМ «Құрмет грамотасы» (2011,2012,2017 жж.) мақтау қағаздарының иегері, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Құрметті профессоры» (2014 ж.).
Бердан Әбдәзімұлына шын жүректен зор денсаулық, жаңа ғылыми жетістіктер және талантты шәкірттері көп болуын тілейміз! Отбасыңыз аман, бейбіт те тыныштық заман болсын!