News photo 40744

АТУ-ға Ян Роберт Джеймс Лармур (HTMi, Швейцария) келді

АТУ-ға Туризм және қонақ үй менеджменті институтының (HTMi, Швейцария) Бас директоры Ян Роберт Джеймс Лармур келді.

🤝 2014 жылдан бастап АТУ-да туризм, мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі, сондай-ақ іс-шараларды ұйымдастыру салалары үшін кадрлар даярлау бойынша халықаралық туризм және қонақ үй менеджменті институтымен (Htmi, Швейцария) бірлескен қазақстандық-швейцариялық қос дипломды білім беру бағдарламасы іске асырылуда. Серіктес ЖОО-мен жемісті ынтымақтастықтың арқасында біздің студенттер Қазақстанда еуропалық стандарт бойынша білім алуға, сондай-ақ Швейцарияда жыл сайынғы тағылымдамадан және өндірістік практикадан өтуге бірегей мүмкіндікке ие.

🍽️ Лармур мырза біздің университет басшылығымен кездесті, сондай-ақ 6В11102 Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі білім беру бағдарламасы бойынша оқитын балаларымызға дәріс өткізді. Дәріс барысында Лармур мырза пандемия кезеңінен кейін туристік және мейрамхана бизнесінің қалай дамитыны туралы айтып, балалармен саланы дамытудың келешегі мен одан әрі бағыттарын талқылады, сондай-ақ студенттеріміздің барлық сұрақтарына жауап берді.

АТУ-дың қос дипломды білім беру бағдарламасы және халықаралық туризм және қонақ үй менеджменті институты (Htmi, Швейцария) жоғары деңгейдегі білім алуға ғана емес, сонымен қатар, болашақта мансап құру үшін үлкен мүмкіндік береді!

🏢АТУ-ға келіңіз!!! Ең үздік білімді таңдаңыз!!!
✅АТУ коды 053

News photo 40747
News photo 40748
News photo 40746
News photo 40745