News photo 40743

АТУ мен «Ақпараттық және есептеу технологиялары институты» ШЖҚ РМК Меморандумға қол қойды

Екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге өзара мүдделілікті ескере отырып, «Алматы технологиялық университеті» мен «Ақпараттық және есептеу технологиялары институты» ШЖҚ РМК Меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты: білім және ғылым саласындағы бірлескен зерттеулерді дамыту, ғылыми-техникалық ақпаратпен алмасу, ғылыми жобаларды, мақсатты қаржыландыру бағдарламаларын әзірлеу кезінде ғылыми әлеуетті біріктіру және жоғары білікті кадрларды даярлау.

Қойылған мақсаттарды іске асыру үшін:

  • өзара қызығушылық тудыратын салаларда ғылыми ынтымақтастықты орнатуға жәрдемдесу;
  • ғылыми жобалар мен мақсатты бағдарламаларды орындау шеңберінде бірлескен зерттеулер жүргізу;
  • озық ақпараттық технологияларды дамыту тәжірибесімен алмасу;
  • жас ғалымдардың, докторанттардың және профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми біліктілігін арттыруға өзара көмек;
  • жетекші зерттеулер бойынша жарияланымдар мен материалдармен алмасу;
  • бірлескен ғылыми симпозиумдар, семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру;
  • академиялық қоғамды бірлескен зерттеу қызметі туралы хабардар ету;
News photo 40742
News photo 40741