News photo 40740

«Бизнестегі мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбында қонақ дәрісі

Құрметті студенттер! 1 наурыз күні сағат 15:00-де Алматы қаласы Кәсіпкерлер Палатасы Алмалы ауданы филиалының директоры Мадиев Темірлан Халелұлының қонақ дәрісі өтеді. Дәрістің тақырыбы: «Бизнестегі мемлекеттік қолдау шаралары». Іс-шара АТУ Қамқоршылар кеңесі Төрағасы мен АТУ Мансап орталығының басшысының қолдауымен ұйымдастырылады.

Күні: 1 наурыз 2023
Уақыты: 15:00
Өтетін орны: Төле би көшесі, 100, Бас оқу корпусы, кіші акт залы

Біз сіздерді күтеміз!!!