АТУ-да Алматы колледждерінің түлектеріне арналған «Бір күнге АТУ студенті бол» жобасы басталды!
Тағам технологиялары факультетінің «Астық өнімдері және өңдеу өндірістерінің технологиясы кафедрасының оқытушылары «Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің» түлектерін АТУ-ға шақырды. Балалар бір күнге біздің университеттің студенттік кезеңіне түсті. Олар үшін оқу корпусы бойынша шолу экскурсиясы, дәріс және зертханалық сабақтарға қатысу ұйымдастырылды. Колледж түлектері АТУ студенттерімен және оқытушыларымен тілдесіп, сұрақтарына жауап алды.
«Бір күнге АТУ студенті бол» жобасы наурыз айының соңына дейін жалғасады. Колледждер мен мектептердің түлектерін күтеміз!!!