News photo 40703

АТУ-да Халықаралық Ғылыми-Практикалық Конференция өтті

АТУ-да ҚР ҰҒА академигі Құралбек Сәдібайұлы Құлажановтың 80 жылдығына арналған «Тағам және жеңіл өнеркәсіптегі химиялық технология мен инженерияны дамытудың заманауи үрдістері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Құралбек Сәдібайұлының бүкіл ғылыми қызметі тағам өнімдерінің химиялық технологиясы саласындағы іргелі, қолданбалы зерттеулердің қалыптасуымен және дамытылуымен байланысты. Бұл зерттеулер ауылшаруашылық өнімдерін кешенді өңдеудің озық технологиясын және жаңа лектегі экологиялық жағынан қауіпсіз тағам өнімдерін жасау сияқты перспективалы ғылыми бағыттарды дамытуға бағытталған.

Құралбек Сәдібайұлы Алматы технологиялық университетінде халықаралық стандарттарға сай жоғары инженерлік-технологиялық білім беруді өндіріспен ұштастырған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жолға қоя білген білікті де іскер басшы. Осы еңбектерінің нәтижесінде ол республика көлемінде жоғары мектептің ірі ұйымдастырушыларының бірі ретінде аталады.

Ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық отырысы Алматы технологиялық университетінің бірінші проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Нұрахметов Бауыржан Құмарғалиұлының сөз сөйлеуімен ашылды. Бұдан әрі ҚР ҰҒА академигі, «Тағам технологиялары» ҒЗИ директоры Әуелбек Ізтайұлы Ізтаев және х.ғ.д., «Химия, химиялық технология және экология» кафедрасының профессоры Бижамал Райымқызы Тусарова баяндама жасады.

Конференция 5 секциялық отырыстан тұрды: «Жаңа заттар мен материалдардың химиясы мен химиялық технологиясын дамытудың заманауи аспектілері», «Тамақ химиясы: жаңа тәсілдер мен өзекті зерттеулер», «Химиялық инженерия және процестер», «Жеңіл өнеркәсіптегі Нанохимия және нанотехнология», «Мұнай-химия, тамақ, жеңіл өнеркәсіптегі ғылым мен экономиканың интеграциясы және қонақ үй бизнесі индустриясы».

News photo 40703
News photo 40704
News photo 40705
News photo 40706
News photo 40707
News photo 40708
News photo 40709
News photo 40710