Біздің университетте Амантаев Раднир Бақытбекұлының қонақ дәрісі өтті
АТУ Қамқоршылар кеңесі төрағасының және Мансап орталығының бастамасымен АТУ Туризм және сервистік қызмет көрсету кафедраларының студенттеріне арнап «(Qazaq Dala Tour) Ұлттық туристік компаниясы» ЖШС директоры Амантаев Раднир Бақытбекұлының қонақтық дәрісі өтті. Серіктесі Дмитриймен біздің студенттерімізге туризм саласын қалай дамытуға болатыны туралы, өз мансап жолдары жайлы айтып берді. Сондай-ақ студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, өз ақыл-кеңестерімен бөлісті.
Раднир өз сөзінде Қазақстан табиғи ресурстар мен әсем табиғатқа өте бай ел екендігін, соны шетел азаматтарына, әлемге таныту әр адамның қолынан келетінін атап өтті.
Қазақстандық туризмнің болашағы АТУ түлектері екеніне сенімдіміз. Біздің балаларымыздың білімі мен ұмтылыстарының арқасында Қазақстан жақын арада шетелдік туристер үшін ең тартымды және сұранысқа ие елдердің біріне айналады, сондай-ақ ішкі туризм бағыты белсенді дамитын болады!