News photo 40689

«Қауіпсіз орта» форумы аясында лекция өтті

20 ақпан күні Алматы технологиялық университетінде «Рухани жаңғыру» аудиториясында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» Кафедрасының ұйымдастыруымен «Қауіпсіз орта» форумы аясында «Есірткі заттары және химиялық тәуелділік шындықтары» атты лекция өтті. «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д., РAE корреспондент мүшесі Қодар Зәмзә Мүтәшқызы студенттерге есірткі заттарының зияны мен адам өміріне алып келетін қауіпі туралы түсіндіріп,іс-шараны ашып берді.

«Рекавери» республикалық психосоматикалық денсаулық орталығының бағдарламалық қамтамасыз ету және дамыту жөніндегі директоры – Ширяев Владислав Александрович студенттерге есірткі, психотроптық заттарды пайдалану адам өміріне қауіп алып келетінін айтып өтті. Сонымен қатар студенттер өз сұрақтарын қойды. Сұраққа жауап беру барысында спикер өз өмірінде өткен оқиғамен бөлісіп,есірткіге қалай тәуелді болғанын және одан қалай арылғанын айтып берді. Іс-шараға ТХ 20-12, КШИ 20-21, Туризм 21-12, Дизайн 22-12 тобының студенттері қатысты.

News photo 40690
News photo 40689