News photo 40688

Чинара Чаймарданқызы Бугимбаеваның қонақ дәрісі өтті

АТУ тағам технологиялары факультетінің студенттеріне арналған АТУ түлегі, «компания Қағанат сервис» ЖШС Бас директоры Чинара Чаймарданқызы Бугимбаеваның қонақ дәрісі өтті.

«Қағанат» асханалар желісі бәріне әйгілі, бұл табысты қазақстандық бизнестің жарқын үлгісі. Чинара Чаймардановқызы өз кәсіпорнының өндірістік және ұйымдастырушылық процестері туралы, бизнестің қалыптасу жолында қандай қиындықтарға тап болғаны туралы айтты. Сондай-ақ, Чинара Чаймардановқызы сапалы білімнің мансап құруда қаншалықты маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Балалар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға толық жауап алды және, әрине, өз саласының нағыз маманынан құнды кеңестер алды.

Іс-шараны АТУ мансап орталығы мен АТУ түлектерінің қауымдастығы ұйымдастырды.

Чинара Чаймарданқызына қызықты дәріс үшін алғыс айтамыз және жаңа кездесуді күтеміз!