АТУ-да «Қазақстан жеңіл өнеркәсібі отандық кәсіпорындарының жалпы съезі» өтті
Алматы технологиялық университетінде «Қазақстан жеңіл өнеркәсібі отандық кәсіпорындарының жалпы съезі» өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен өтті. Съезге ірі өндірістік компаниялар қатысты. Спикерлер Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамытудың өзекті мәселелерін талқылады, сараптамалық пікірлермен бөлісті.
Іс-шараның модераторы – «Қазақстанның қорғаныс өнеркәсіптік кешені кәсіпорындары қауымдастығының» атқарушы директоры Олжабайұлы Найзабек болды.
Іс-шара спикерлері:
✅ Нұрахметов Бауыржан Құмарғалиұлы – «АТУ» АҚ бірінші проректоры, т.ғ.д., профессор
✅ Ахшабаева Наталья Тоқтарбайқызы – «Жеңіл өнеркәсіп кәсіпкерлігі Қауымдастығы» ЗТБ президенті
✅ Уахитова Гүлмира Бекенқызы – ««Qaz Textile Industy» Жеңіл өнеркәсіп кәсіпкерлерінің Ұлттық бірлестігі» ЗТ Одағы және ЖК Басқарма Төрағасы
✅ Шабаева Надежда Александровна – Қазақстандық ЖҚҚ өндірушілер одағының президенті
✅ Әділова Айжан Қайргелдіқызы – ҚР ИИДМ жеңіл өнеркәсіп басқармасының басшысы
✅ Жамалов Бауыржан Салданұлы – «Azala» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы
✅ Жұмабеков Нұрхан – Абай тігін фабрикасы, Қарағанды облысы
✅ Қадырқұлова Алмагүл Қарашқызы – «ADAL KYZMET GROUP» ЖШС Бас директоры
✅ Ибраев Қанат Сұлтанұлы – ҚР Жиһаз және ауыл өнеркәсібі қауымдастығының президенті
✅ Барысов Айбек Айдарұлы – «Қазақстанда жасалған» экономикалық ұлтшылдық қозғалысының көшбасшысы




