News photo 40668

20-24 ақпан аралығында «Автоматтандыру және робототехника» кафедрасының апталығы өтеді!

Құрметті оқытушылар, магистранттар және студенттер! 2023 жылдың 20-24 ақпан аралығында «Автоматтандыру және робототехника» кафедрасының апталығы өтеді!

Кафедра апталығы аясында келесі іс-шараларды өткізу жоспарлануда:
20 ақпан – сағат 8:00-де ашылу
20-24 ақпан – ПОҚ ашық сабақтары және кураторлық сағаттар
21 ақпан – сағат 11:00 Ғылыми кітапханадағы кафедра күні
21 ақпан – «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде қалай білім алуға немесе тағылымдамадан өтуге болады» мастер-класс қонақ дәрісі сағат 14:00-де
21 ақпан – «Өнеркәсіптік роботтандыру – 2023: үздік тәжірибелер мен кейстер» тегін вебинары 15:00-ден 17:00-ге дейін
22 ақпан – Білім алушылардың шығармашылық жұмыстары конкурсының қорытындысын шығару
23 ақпан – «Автоматтандыру және робототехника» кафедрасының логотипіне конкурстың қорытындысын шығару 11:30, 424 ауд.
24 ақпан – Салтанатты жабылу сағат 11:00-де акт залы

Сіздерді іс-шараларға белсенді қатысуға шақырамыз!