News photo 40664

АТУ-да тұрақты даму тұжырымдамаларын іске асыру

Астана қаласында пластикалық қалдықтарды жинау және қайта өңдеу кәсіпорындарының желісі және «Орнықты дамуға жәрдемдесу» орталығы ұйымдастырған, алдын алудан бастап тиімді қайта өңдеуге дейінгі пластикалық қалдықтарды ұтымды басқару мәселелеріне арналған «PLASTNET – 2023» конференциясы өтті.

Конференция жұмысына ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қалдықтарды басқарудың мемлекеттік саясат департаменті, «AMANAT» партиясы жанындағы экологиялық кеңес, ҚР АСПИРІ Ұлттық статистика бюросының қоршаған орта статистикасы басқармасы, «QasIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының бизнесті ынталандыру бөлімі, Қазақстандық Туристік қауымдастық, «KazWaste» қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық қауымдастық, «PepsiCo», «Coca-Cola» компаниялары, қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жетекші отандық кәсіпорындар мен ЖОО, қоршаған ортаны қорғау саласында кадрлар даярлауды қамтамасыз ететіндер.

«Химия, химиялық технология және экология» кафедрасының меңгерушісі Сүлейменова М.Ш. АТУ-ға тұрақты даму тұжырымдамаларын енгізудің нақты нәтижелері туралы сөзінде мынаны атап өтті – жоғары оқу орындары БҰҰ-ның негізгі құжаты-тұрақты даму мүддесі үшін білім беру стратегиясына бағдарланған экологиялық білім беру саласындағы халықаралық тәжірибені пайдалануы қажет. АТУ UI GreenMetric 2022 тұрақты даму бойынша университеттердің халықаралық рейтингіне қатысты, университеттің «АТУ тұрақты дамуы» сайтында ресми парақшасы бар.

АТУ-дың ТБЖ орталығымен ынтымақтастығының нәтижелері туралы ақпарат ұсынылды: қалдықтарды бөлек жинау бойынша контейнерлерді орнатуға, персонал мен білім алушыларды оқытуға, экологиялық кәсіпорындармен өзара байланысқа, «ЖОО-ның жасыл имиджін» ілгерілетуге, ақпараттық қолдауға, бірлескен экологиялық іс-шараларды өткізуге өтеусіз көмек.

ҚР Президентінің «Қазақстан – 2050 Стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Жасыл экономикаға» көшу қажеттілігі туралы міндет қойылған. Қазақстан халқының әл-ауқатын, олардың өмірі мен денсаулығының сапасын арттыру еліміздің табиғи байлығын тиімді пайдалану есебінен, ал білім беру саласында экономикалық, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми бағыттарды ықпалдастыру есебінен мүмкін болады. Ғылыми, білім беру мекемелері мен кәсіпорындардың өзара күш-жігерімен Өндіріс қалдықтарын басқару саласында нақты жетістіктерге қол жеткізуге болады.