АТУ-да «Цин-Каз» компаниясының Басқарушы директоры Мұқашева Алма Сабырбекқызының, ҚР МСЖ сынақ орталықтарын аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитордың, СМЖ бойынша DQS жетекші аудиторының қонақ дәрісі өтті, тақырыбы «Ұнемді өндіріс құралдары. Бұл «Цин-Каз» компаниясының мысалында қалай жұмыс істейді».
Алма Сабырбекқызы балаларға бизнес-процестің тарихы мен ұйымдастырылуы, сондай-ақ «Цин-Каз» компаниясындағы өндіріс, компания өнімдерінің желісі және олардың артықшылықтары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ, Алма Сабырбекқызы студенттерімізбен кәсіби маман ретінде оның қалыптасу тарихымен бөлісті және, әрине, балаларды қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берді, құнды кеңестер мен ұсыныстар берді.