АТУ-да АҚ Peca GIZ жобасы аясындаекі курстың тұсаукесері өткізілді
АҚ Peca GIZ (Орталық Азиядағы экономикалық өсу секторлары үшін Кәсіптік білім беру) жобасы аясында, АТУ-да кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтынан екі курстың тұсаукесері өткізілді: «Санитарлық нормалар» – дәріскер Таева Айгүл Маратқызы доцент, «Тамақ өнімдерінің технологиясы» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор және «Кайдзен» – дәріскер Сарандаев Денис Владимирович үнемді өндіріс жөніндегі маман.
Сарапшылар ретінде өндіріс өкілдері: Сабралиева Марина Дүйсенғалиқызы – «Қазақстанның азық-түлік кәсіпорындары Одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры және Мукашева Алма Сабырбекқызы – «Цин-Каз» компаниясының басқарушы директоры шақырылды, курстар бойынша білікті қорытынды беру үшін ҚР МСЖ сынақ орталықтарын аккредиттеу жөніндегі сарапшы аудитор.