АТУ-да АТУ психологиялық қолдау Орталығы ұйымдастырған «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында 1-3 курс студенттерімен кездесу өтті.
Лектор – Қаңтарбаева Жанна Орынбасарқызы,Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, Философия ғылымдарының кандидаты студенттерімізге экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алу және болдырмау жолдарын егжей-тегжейлі айтып берді, сондай-ақ студенттерді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берді.