АТУ-да оқытушылар үшін «Жаңа Қазақстан» атты дөңгелек үстел өткізілді

«2023 жылғы 10 ақпанда Алматы технологиялық университетінің «Рухани жаңғыру» кабинетінде оқытушылар үшін «Жаңа Қазақстан» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Ұйымдастырушылар: «Қазақстан халқы Ассамблеясы»кафедрасы, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы.

Дөңгелек үстелді модератор Қодар Замза Мұташқызы – АТУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының жетекшісі, философия ғылымдарының докторы ашып, бүгін күн тәртібінде «Жаңа Қазақстан» Мемлекет басшысы ұсынған бағдарлама және осы кезеңде қандай өзгерістерді көріп отырғанымыз туралы айтып берді.

Содан соң «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі Тукенова Хафиза Төкенқызы сөз сөйледі. Кодар З.М. «Саяси трансформация: әділ Қазақстан жолында» атты баяндама жасады. АТУ «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушысы Турунтаева Альбина Айлиханқызы қоғамдағы заңдарды білу мәселесіне тоқталып, «Жаңа құқықтық мемлекет – уақыттың талабы» туралы айтты.

Талқылау барысында «Дизайн» кафедрасының оқытушылары дөңгелек үстел тақырыбын мақұлдап, осы тақырыпты одан әрі дамыту және әділ Қазақстанды құру үшін өз идеяларын ұсыну үшін әкімдіктен қызметкерлерді шақыруды ұсынды.