АТУ-да біздің түлектердің қонақ дәрісі өтті
🧵 АТУ-да біздің түлектеріміз, TengryTextile жетекші отандық тігін компаниясының негізін қалаушысы Барлық Нұрсерік және «Tengry Asia Group» маркетинг бөлімінің басшысы, Құмарғазин Димаштың қонақ дәрісі өтті. Іс-шара қамқоршылар кеңесімен және АТУ түлектерінің қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылды.
👩💻 «Мамандықта қалу» – дәріс тақырыбы осылай аталды. Бұл біздің заманымызда өте маңызды және өзекті мәселе. Мансапты қалай сәтті құруға болады, өз бағытыңыз бойынша кәсіби дамуды қалай жалғастыру қажет? Бұл сұрақтар біздің студенттерді, болашақ түлектерді жиі қызықтырады. Бұл сұрақтарға шақырылған қонақтар толыққанды жауап берді. Барлық пен Димаш балалармен өз тәжірибелерімен бөлісті, өз жолдары, бизнесте қалыптасуы туралы айтып берді және, әрине, пайдалы кеңестер берді.
🤗 АТУ-да мұндай іс-шаралар жиі ұйымдастырылып тұратын дәстүр. Университет біздің студенттердің шынайы бизнес және өндіріс мамандарымен кездесіп, араласуы үшін барлық жағдайлар мен мүмкіндіктер жасайды. Тек АТУ қабырғаларында ғана емес, сонымен бірге алынған білімді практикада қолдануға қатысты барлық сұрақтарды қоюға болатын бизнес-процесс пен өндірісті көруге болатын кәсіпорындарға баруға да мүмкіндіктер жасалынған.



