АТУ-да студенттердің «Caspian Academy» және «Yuki Study» компанияларының өкілдерімен кездесу өтті

АТУ-да «Тағам өнімдерінің технологиясы», «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы», «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» және «Туризм» білім беру бағдарламалары бойынша оқитын 2-3 курс студенттерінің «Caspian Academy» (Каспий халықаралық білім беру және мансапты дамыту академиясы) менеджері Соломахина Валериямен және «Yuki Study» компаниясының өкілі Жазирахан Мейрамбекқызымен кездесуі өтті. Кездесудің модераторы АТУ академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ләззат Кемербекқызы Байболова болды.

Кездесу барысында біздің студенттер Түркия мен Оңтүстік Италияның үздік 5 жұлдызды люкс қонақүйлерінде тағылымдамадан және тәжірибеден өту шарттарымен егжей-тегжейлі танысты, сондай-ақ барлық қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Қызықты және мазмұнды кездесу үшін серіктестерімізге алғыс айтамыз!