Студенттер «Digital Almaty 2023» халықаралық форумына қатысты

«Роботтар және робототехникалық жүйелер» білім беру бағдарламасының студенттері және «Автоматтандыру және робототехника» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы «Digital Almaty 2023» халықаралық форумына қатысты. Форумның қонақтары ретінде стартаперлер, IT-шниктер, инвесторлар, блогерлер және бизнесмендер шақырылды.

Digital Almaty 2023 – бесінші мерейтойлық халықаралық цифрлық форум Алматы қаласында «ATAKENT» КҚКО өтті. Форумға әлемнің 30 елінен 150-ден астам халықаралық спикерлер, көрмеге 250-ден аса қатысушылар, 400-ден аса IT компаниялар, 15 000 аса көрермендер, сондай-ақ Орталық Азия, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия технопарктері, үздік стартаптар аллеясы, халықаралық вендорлар мен венчурлік қорлар көрмелері қатысты.

Сондай-ақ, ASTANA HOP BATTLE стартаптар батлы, робототехника бойынша ауқымды чемпионат, Digital Ministry Cup, IT-саланың жетекші өкілдерімен воркшоптар, Бос орындар жәрмеңкесі, ЖОО және Қазақстанның үздік бағдарламалау мектептері, сондай-ақ озық инновациялық әзірлемелері бар көрме аймақтары ұсынылды.