АТУ-да Ләззат Бекенқызы Өміралиевамен қонақ дәрісі өтті

АТУ-да «Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтының» бас ғалым хатшысы Ләззат Бекенқызы Өміралиевамен қонақ дәрісі өтті. Іс-шара АТУ ТТФ «Тағам өнімдерінің технологиясы» және «Нан өнімдері мен қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедраларының студенттеріне арналып ұйымдастырылды.

«Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты» (ҚазҚӨжТӨҒЗИ) – ішкі және сыртқы нарықтарда өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібінің инновациялық дамуын ғылыми қамтамасыз етуге маманданған Қазақстанның жетекші ғылыми мекемесі.

Ләззат Бекенқызы өзінің мансабындағы ең жарқын сәттері туралы естеліктерімен бөлісті, туындаған қиындықтар туралы айтып берді, сондай-ақ өз тәжірибесімен және балаларға пайдалы ақпаратпен бөлісті.

АТУ біздің студенттер үшін осындай іс-шараларды үнемі өткізеді, бұл балаларға бизнес, өндіріс және ғылым мамандарымен сөйлесуге, оларды қызықтыратын барлық сұрақтарды қоюға және оларға толық жауаптар, сондай-ақ пайдалы кеңестер алуға мүмкіндік береді.

Ләззат Бекенқызына және ҚазҚӨжТӨҒЗИ бүкіл командасына алғыс айтамыз және жаңа кездесулерді күтеміз!