Құрметті студенттер! АТУ «Жылдың үздік студенті» атағына конкурс жариялайды!

Құрметті студенттер! АТУ «Жылдың үздік студенті» атағына конкурс жариялайды!

😜 Байқау 2023 жылдың 3 ақпанынан 2023 жылдың 3 наурызына дейін өтеді.

Конкурсқа университеттің оқу, ғылыми-зерттеу, қоғамдық қызметінде, спорттық, мәдени өмірінде жоғары жетістіктері бар АТУ-дың күндізгі оқу түрінің 2-4 курс студенттері қатыса алады.

Байқау үш кезеңде өтеді:
✅ І кезең – өтінімдерді қабылдау. Өтінімдерді қабылдау мерзімі – 2023 жылғы 3 ақпаннан 25 ақпанға дейін. Конкурсқа қатысу және өтінім беру үшін көрсетілген мерзімде өтінімді қоса берілген нысан бойынша ресімдеп, «Эндаумент АТУ» корпоративтік қорына 1211 каб-қа қолма-қол ұсыну қажет. (Төле би көшесі, 100).
✅ ІІ кезең – қатысушылардың портфолиосын іріктеу 2023 жылғы 27 ақпаннан 2 наурызға дейін «Эндаумент АТУ» корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесі мен АТУ түлектері қауымдастығы кеңесінің мүшелерінің қатысуымен өтеді.
✅ IІІ кезең – Презентация және марапаттау.

2023 жылғы 3 Наурызда конкурстың сараптамалық кеңесі мүшелерінің алдында қатысушылардың үздік портфолиосының тұсаукесері өтеді.

Толық ақпарат алу үшін сілтемеге өтіңіз:
http://endowment.atu.kz/index.php/contests-ru/item/248-konkursa-luchshij-student-2023
http://endowment.atu.kz/index.php/kk/contests-kz