АТУ қызметкерлері жоғары марапаттарға ие болды
Алматы технологиялық университетінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінен жоғары марапаттарға ие болды. Марапаттарды АТУ бірінші проректоры Нұрахметов Бауыржан Құмарғалиұлы табыстады.
Жоғары білім беру жүйесіндегі көпжылдық және жемісті жұмысы үшін, жоғары білікті мамандарды даярлаудағы жоғары кәсіби ғылыми және педагогикалық шеберлігі үшін, еңбек, оқу, тәрбие қызметіндегі жетістіктері үшін марапатталды:
«Білім және ғылым министрінің Алғысы»:
✅ Ахметова Сәуле Оспандияровна, т.ғ. к., «Химия, химиялық технология және экология» кафедрасының асс профессоры;
✅ Бисалиева Диляра Мағзұмқызы, тәрбие жөніндегі проректор.
«Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы»
✅ Кучарбаева Қалдығүл Жұмабайқызы, т.ғ.к., «Технология, бұйымдар мен тауарларды құрастыру» кафедрасының асс профессоры;
✅ Жақсылықова Гүлшат Нұрмаханбетқызы, т.ғ.к., доцент, тамақ технологиясы факультетінің деканы.
«Ғылымға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен:
✅ Уажанова Раушангүл Ұланғазықызы, т.ғ.д., «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және сапасы» кафедрасының меңгерушісі;
✅ Цой Александр Петрович, т.ғ.к., «өндірістік процестерді механикаландыру және автоматтандыру»кафедрасының профессоры.
Құттықтаймыз!!! Кәсіби қызметте жаңа табыстар тілейміз!!!





