АТУ-ға халықаралық консультанттың сапары өтті

GIZ «Орталық Азиядағы экономикалық өсу секторлары үшін Кәсіптік білім беру» (PЕСА) жобасы аясында ICON-Institute халықаралық консалтингтік компаниясынан халықаралық консультант Бруно Шовель мырзаның (Bruno Chauvel) АТУ-ға сапары сәтті өтті. Шовель мырза АТУ оқу алаңдарымен танысып, университеттің оқу мейрамханасы мен зерттеу зертханаларына барды.

АТУ тендерді жеңіп алды және кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының екі курсын: «Санитарлық нормалар» және «Кайдзен» өткізуге серіктес-провайдер болды, оларды біздің дәріскерлер сарапшыларды тарта отырып әзірледі. Бұл курстар Қазақстанның өндірістік өнеркәсібінің барлық түрлерінің басшылары мен менеджерлері үшін де, жұмысшы мамандықтары үшін де онлайн және офлайн форматта оқыту және біліктілікті арттыру үшін ашық. Оқыту біздің университеттің оқу алаңдарында біздің сарапшылармен жүргізіледі.

АТУ-ды жаңа жетістіктерімен құттықтаймыз және біздің университет қабырғасында серіктестерімізді көргенімізге қуаныштымыз!!!