Кездесуге 2-3 курс студенттерін шақырамыз
«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы», «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі», «Туризм» білім беру бағдарламалары бойынша оқитын 2-3 курс студенттерін «Caspian Academy» (Каспий халықаралық білім беру және мансапты дамыту академиясы) менеджері Валерия Станиславовна Соломахинамен кездесуге шақырамыз, онда Түркияда Анталия облысындағы ең үздік 5 жұлдызды люкс қонақүйлерінде ақылы тағылымдама /тәжірибеден өту шарттарымен таныса аласыздар.
Кездесу модераторы АТУ академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ләззат Кемербекқызы Байболова болады.
Күні: 2023 жылғы 2 ақпан
Уақыты: 14:00
Өтетін орны: Төле би көшесі, 100, кіші акт залы