АТУ-да университет басшылығының барлық факультеттердің ПОҚ кездесулері өтті
5-10 қаңтар аралығында АТУ-да университет басшылығының барлық факультеттердің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесулері өтті.
Кездесулер барысында оқу жылының 2-ші семестріне арналған жоспарлар мен қызметтің негізгі бағыттары белгіленді, сондай-ақ ағымдағы жұмыс мәселелері талқыланды.
Кездесулерде бірінші проректор Нұрахметов Б.К., академиялық мәселелер жөніндегі проректор Байболова Л.К., ғылым және инновациялар бойынша проректор Әлиев Б.А. пен тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Бисалиева Д.М. баяндама жасады.
Баяндамаларда 2-ші академиялық кезеңге арналған білім беру үдерісі мен ғылыми қызметтің барлық жаңалықтары, сондай-ақ ерекше назар аудару қажет бағыттар айтылды. Сонымен қатар, университетіміздің кәсіптік бағдар беру жұмысына белсенді қатысатын АТУ қызметкерлеріне дипломдар салтанатты түрде табыс етілді.















