«АТУ» АҚ Педагогикалық шеберлік мектебі
АТУ-да жаңа білім беру жобасы – «Педагогикалық шеберлік мектебі» оқытушылары мен қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың инновациялық бағдарламасы басталды.
9 қаңтар мен 20 қаңтар аралығында университеттің оқытушылары мен қызметкерлердің Bard College (USA) әдістемесі, ғылыми зерттеулердегі деректерді модельдеу және талдау негіздері бойынша сыни тұрғыдан ойлау және жазу саласындағы жетекші сарапшылармен педагогикалық тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болады.
Педагогикалық шеберлік мектебі шеңберінде оқытушылар мен қызметкерлердің кәсіби қызметінде қажетті интерактивті цифрлық контентті әзірлеудің заманауи технологиялары бойынша тереңдетілген практикалық дағдыларға ие болады.
Біздің спикерлеріміздің ғылыми бағыт бойынша авторлық курстары оқытушылар мен қызметкерлердің жарияланымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, университет білім алушыларымен және жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен бірлесіп жаңа ғылыми-зерттеу және стартап-жобаларды іске қосуға мүмкіндік береді.
Жаңа білім беру жобасына университеттің 100-ден астам оқытушылары мен қызметкерлері қатысты.



