Педагогикалық шеберлік мектебіне шақырамыз!

«Алматы технологиялық университеті» АҚ 2023 жылдың 9 қаңтары мен 20 қаңтары аралығында университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы үшін Педагогикалық шеберлік мектебін ұйымдастырады.

Оқыту барысында сіз сыни тұрғыдан ойлау әдістемесі бойынша бірегей интерактивті оқыту технологияларын, эссе жазудың заманауи әдістерін, кәсіби қызметте цифрлық құралдар мен бағдарламаларды пайдалану, қызықты презентация мазмұнын құру және тағы басқа оқу сабақтарын ұйымдастыруға қажетті көптеген мәліметтерді меңгересіз.

Егер сіз ғылыми зерттеу бағытына қызығушылық танытсаңыз, онда қысқы мектеп аясында біз сізге ғылыми мақала жазу идеясынан бастап ғылыми жобаларды іске қосуға дейінгі қарқынды тәжірибелік сабақтар бағдарламасын ұсынамыз. Деректерді талдау және өңдеу бойынша қолданбалы курста біз сізге деректерді жинау, өңдеу және талдаудың практикалық құралдарын қолдануды, сапалы зерттеулер жүргізу үшін модельдерді құруды үйретеміз.