Студенттерді АТУ-ға ауыстыру және қалпына келтіру
Алда қысқы демалыс бар. Осы уақытта білім алушыларға басқа ЖОО-дан АТУ-ға ауысуға немесе оқуға қайта түсуге мүмкіндік беріледі.
Білім беру гранты бойынша оқитын Студент өз қалауы бойынша білім беру грантын сақтай отырып ауыстырылады.
Ауысу үшін білім алушыға «АТУ» АҚ ректорының атына өтініш жазу қажет. Бұл өтінішке қолы мен мөрі бар ресми транскрипт, ҰБТ тапсыру туралы сертификаттың көшірмесі, білім беру гранты иегері куәлігінің көшірмесі (егер ол болса) қоса берілуі тиіс.
Бұрынғы ЖОО ректоры жазбаша сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде білім алушының жеке ісін «АТУ»АҚ-ға жібереді. Білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау олардың «АТУ»АҚ-мен білім беру қызметтерін көрсетуге шарт жасасуымен сүйемелденеді.
Барлық сұрақтар бойынша Төле би к-сі, 100/1 мекенжайы бойынша АТУ СҚКО-на хабарласуға болады.
АТУ байланыс орталығы: +77072218808, +77770481846