КСРО-ның екі мәрте Батыры Талғат Бигелдиновтың 100 жылдығына арналған кездесу
2022 жылғы 22 желтоқсанда АТУ-да авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері Талғат Бигелдиновтың 100 жылдығына арналған студенттермен онлайн – кездесу өтті.
Модератор – «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., РАЭ мүшесі Кодар З.М. балаларға атақты ұшқыштың өмір жолы туралы айтып берді. Біздің жерлесіміз, Ұлы Отан соғысы кезіндегі жауынгерлік ерлігі үшін екі рет Кеңес Одағының Батыры атағына ие болғандардың қатарында. Бейбіт уақытта Талғат Якубекұлы әскери-әуе күштерінде қызметін жалғастырып, кейін азаматтық авиацияда еңбек етті. Оның өмірі-Отанға қызмет етудің жарқын мысалы.
Кездесуде «Вайнах» Қазақстан шешендері мен ингуштары қауымдастығының төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі Мурадов А.С. қазақстандық саясаткер Талғат Бигелдинов туралы естеліктер жазылған жазба ұсынды.