«Цифрлық экономика» тақырыбындағы дөңгелек үстелі

Экономика және бизнес факультетінде «Экономика және менеджмент» кафедрасының ұйымдастыруымен «Цифрлық экономика: еңбек нарығы мен жоғары білімге жаңа сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге В.Плеханов атындағы РЭУ, М.Рысқұлбеков атындағы ҚЭУ, Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті, «Нархоз» университеті, «Тұран» университеті, «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ өкілдері қатысты.

Баяндамалар өте мазмұнды және қатысушыларға өте қызық болды. Спикерлерге өз сөздерінің тақырыбына байланысты көптеген сұрақтар қойылды.