Мемлекет басшысы айқындап берген мақсат-міндеттерді орындап, қоғамда педагог мәртебесін көтеру, білім саласында өз жұмысын адал, сапалы әрі жауаптылықпен орындайтын білікті мамандарды ынталандырып, өзге әріптестеріне үлгі ету мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында «Тәуелсіз елдің үздік ұстаздары – 2022» республикалық байқауы өткізілді. Осы байқауда «Тағамдық биотехнология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Божбанов Алихан Жаксыбекович ұсынған жұмыстар үздік деп танылғаны үшін «Ұстаз» номинациясымен және білім беру саласына қосқан елеулі үлесі үшін «Ұстаз» орденімен марапатталды.