Білім беру бағдарламаларының ішкі сарапшыларын даярлау бойынша оқыту семинары

«АТУ» АҚ оқу-әдістемелік басқармасы 2022 жылғы 9 желтоқсанда білім беру бағдарламаларының сарапшыларын даярлау бойынша оқыту семинарын өткізді. Семинарға ҚР ҒжЖБМ БПжАҰ ББ сарапшылары Таева А.М., Усупов С.С., Ахметова Н.К. қатысты.

Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Байболова Л.К. семинар қатысушыларына кіріспе сөз сөйледі.

«Тағам өнімдерінің технологиясы» кафедрасының меңгерушісі Таева А.М. өз сөзінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын әзірлеудің негізгі кезеңдеріне, оқу нәтижелерін дұрыс тұжырымдауға қысқаша тоқталып, білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау әдістемесін толығырақ ұсынды.

Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Усупов С.С. және Оқу-әдістемелік басқарманың бастығы Ахметова Н.К. білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау тәжірибесімен бөлісті.

Семинар қатысушылары семинардың практикалық бөлімінде білім беру бағдарламаларының сапасына баға берді. Жұмыс топтарының жұмыс нәтижелерін ұсыну барысында білім беру бағдарламасын әзірлеу процесінде оқыту мақсаттары мен нәтижелерін жобалау мәселелері талқыланды.