Сағам өнімдерінің қауіпсіздігі және сапасы» кафедрасында И.С. Тургенев атындағы Орел мемлекеттік университетінің доценті В.В. Марковтың «Стандарттау, сертификаттау және метрология (тағам өнеркәсібі бойынша)» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне арналған «Жалпы өлшеу теориясы»атты қонақ дәрісі өтті.
Дәріс барысында техникалық өлшеу құралдарының жұмысына, өлшеу нәтижелерінің ережелеріне қатысты мәселелерді атап өтті, калибрлеу және өлшеу сертификаттарын тану критерийлеріне егжей-тегжейлі тоқталды.