Тәуелсіздік күніне орай ғылыми кітапханада атыс студенттермен кездесу және кітап көрмесі өтті. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі Республиканың тәуелсіздігі және Мемлекеттік Егемендігі туралы заң қабылдады. Бұл мереке Қазақстанның егемендігі, халқының бостандығы үшін күрескендерді еске алу болып табылатындықтан, ел үшін ерекше маңызға ие.
Кездесуде студенттер қазақ жазушысы, ақын Әуезханның «Желтоқсаншыл жігіттің ағасына айтқаны», «Қиранның гүлі» өлеңдерін оқыды.