2022 жылдың 12 желтоқсанында Алматы қаласындағы «СЫМБАТ» колледжінің түлектері АТУ Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультетінің «Текстиль өндірісі технологиясы» кафедрасының «Ашық есік күніне» шақырылды. Болашақ талапкерлерге В070 – Текстиль: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары білім беру бағдарламаларының тобы таныстырылды. Балалар қызығушылық танытқан сұрақтарға толық ақпарат пен жауаптар алды.
Сондай-ақ, кафедра өкілдері колледж түлектеріне АТУ-дың басқа білім беру бағдарламалары туралы, біздің университетте оқудың артықшылықтары туралы айтып берді, ТӨТ кафедрасының түлектері мен студенттері дайындаған зертханалар, трикотаж бұйымдарын көрсетті.